Қазақстанда өзендер мен көлдерді қайта есетейді
Алматы. 23 шілде. 7kun.kz — Республиканың өзендері, көлдері, су шаруашылығы құрылыстары мен уақытша ағындары аудиттен өтеді, деп хабарлады Үкімет отырысында вице-премьер Жеңіс Қасымбек.
«Су ресурстарының аудиті, ирригациялық жүйелер мен сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымы мәселелері бойынша: бүгінгі күні ауданы бір шаршы километрден және одан жоғары көлдердің атласы жасалды, ол 2 328 көлді қамтиды. Сондай-ақ 2 552 өзен бойынша ақпарат бар. Ағымдағы жылдың соңына дейін өзендерге, уақытша су ағындарына және көлдерге толық түгендеу жүргізу жоспарланып отыр», — деді Премьер-министрдің орынбасары.
Алдағы уақытта су объектілерін зерттеу тұрақты негізде жүргізіледі. Бұдан басқа, ағымдағы жылдың соңына дейін республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйіне визуалды аудит жүргізіледі.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:18, 2 сәуір 2026
Доллар бағамы неге төмендеп жатыр – экономистер түсіндірмесі
-
15:42, 2 сәуір 2026
2 сәуірдегі саудада доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
-
11:25, 2 сәуір 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау пунктеріндегі валюта бағамы - 2 сәуір
-
13:12, 31 наурыз 2026
Валюта бағамы жаңартылды: Астана, Алматы, Шымкент
-
16:04, 30 наурыз 2026
30 наурыздағы саудада доллар бағамы төмендеді





