«Қамқор локомотив» ЖШС туралы

17:51, 20 қыркүйек 2019

«Қамқор Локомотив» ЖШС республиканың бүкіл темір жолдар жүйесінде орналасқан 13 локомотив жөндеу кәсіпорнын біріктіреді. 2014 жылы компания жекешелендіру аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-нан сатып алынған.

Анықтама:

  • Саласы: техникалық қызмет
  • Бас директор: Әміров Мұрат
  • Қызметкерлер саны: 5000-нан аса адам
  • Бас кеңсесі: Нұр-Сұлтан

Қызметі

Негізгі түрлері:

  • Локомотивтердің жаңа серияларына сервистік қызмет көрсету;
  • Локомотивтердің ескі серияларына сервистік қызмет көрсету;
  • КЖ күрделі жөндеу және ТОУ-8 локомотивтеріне техникалық қызмет көрсету;
  • ТО-8 (ТР-3), ТО-7 (ТР-2), ТО-6 (ТР-1), ТО-3, ТО-4, ТО-2 локомотивтеріне техникалық қызмет көрсету;
  • Дженерал Электрик компания өндірісінің дизель-генераторлық қондырғысын орнатумен 2ТЭ10 сериялы тепловоздарды жетілдіру;
  • ВЛ-40 сериялы электровоздармен ВЛ80 сериялы электровоздарды жетілдіру;
  • ВЛ80 электровоздары мен (2ТЭ10, 2ТЭ10МК, ТЭ33А) жолаушылар қозғалысына арналған тепловоздарды жетілдіру;
  • СКД6е, ТЭМ-KZ сериялы маневрлік локомотивтерді құрастыру;
  • ОПЭ тарту агрегаттарын күрделі, ағымдағы жөндеу.
  • ЭР-9, ЭД-9, ЭП3Д сериялы электрлі пойыздарды күрделі жөндеу, техникалық қызмет көрсету;
  • МЖҚ-ға (мамандандырылған жылжымалы құрам, жол машиналары) техникалық қызмет көрсету және күрделі жөндеу;
  • Локомотивтер және МЖҚ локомотив жабдықтарын күрделі жөндеу және техникалық қызмет көрсету, соның ішінде дизельді қозғалтқыштар, электр машиналары, доңғалақтарды жөндеу және қалыптастыру.

Құрылымы

«Қамқор Локомотив» ЖШС-нің 11 филиалы, 2- сервистік орталығы, 4 өндірістік учаскесі бар.

Филиалдары:

    null
  1. «Ақтөбе локомотив жөндеу депосы»
  2. «Астана локомотив жөндеу депосы»
  3. «Аякөз локомотив жөндеу депосы»
  4. «Қарағанды локомотив жөндеу депосы»
  5. «Сексеуіл локомотив жөндеу депосы»
  6. «Тараз локомотив жөндеу депосы»
  7. «Шар локомотив жөндеу депосы»
  8. «Қазалы локомотив жөндеу зауыты»
  9. «Шу локомотив жөндеу зауыты»
  10. «Атбасар электровоз жөндеу зауыты»
  11. «Агадырь доңғалақ цехы»

Серіктестері

Басты серіктестер:

  • «GE INTERNATIONAL INC»
  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
  • «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ
  • «Қала маңындағы тасымал» АҚ
  • «Локомотив-2030» ЖШС
  • «Альстом» Қазақстан ЖШС
  • «ЖҒИПО» ФМУК «Южный» Ғарыш орталығы (Ресей Федерациясы)
  • «Кедентранссервис» АҚ
  • «Қазцинк» ЖШС Компаниялар тобы
  • «Қазфосфат» ЖШС
  • «АрселорМиттал Теміртау» АҚ
  • «ЕВРАЗИЯЛЫҚ ТОП (ERG)» ЖШС кәсіпорыны
  • Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС

Сондай-ақ «МАК – Екібастұз» ЖШС, «Промсервис — Отан» ЖШС, «ASTREYA» ЖШС, «Каз Техноресурс», «Динамика УКа» ЖШС, «ТРЕЙД ПРОДАКШЕН КОМПАНИ» ЖШС, «Екібастұз мотор-вагон депосы» ЖШС, «Машина жасау холдингі» ЖШС — «СКД-7» ЖШС, «Ремпутьмаш-Сервис» ЖШС-і.

Басшылық

Бас директор — Әміров Мұрат Мұхаметқазыұлы.

«Ақтөбе локомотив жөндеу депосы» филиалы директоры — Естеков Мырзабек Боқашұлы.

«Астана локомотив жөндеу депосы» филиалы директорының м.а — Разов Сайфулин Қойбағарұлы.

«Аякөз локомотив жөндеу депосы» филиалы директоры — Тілеубаев Аскат Сағатқанұлы.

«Қарағанды локомотив жөндеу депосы» филиалы директоры — Адайбаев Асхат Төлеуғалиұлы.

«Сексеуіл локомотив жөндеу депосы» филиалы директоры — Кеулімжаев Мұхтар Қуанышұлы.

«Тараз локомотив жөндеу депосы» филиалы директоры — Лесбаев Ілияс Намиханұлы.

«Шар локомотив жөндеу» филиалы директоры: Бейсенов Жұмабек Рамазанұлы.

«Қазалы локомотив жөндеу зауыты» филиалы директоры — Әлмағамбетов Нұрлан Жұбатқанұлы.

«Шу локомотив жөндеу зауыты» филиалы директоры — Нұрбаев Марат Оңғарбайұлы.

«Атбасар локомотив жөндеу зауыты» филиалы директоры: Жапаров Марат Дүйсенбайұлы.

«Ағадыр доңғалақ цехы» филиалы директоры — Жұмағұлов Арман Серікұлы.

«Темiржолжылу-Аякөз» ЖШС директоры — Дүйсенғазин Асқар Төлешұлы.

Құрылтайшылары – «Қамқор Менеджмент» ЖШС (Андрей Кимге, Әлібек Құлыбаев пен Диас Сүлейменовке тиесілі) және «Joint Technologies» ЖШС (меншік иелері – Раушан Сағдиева мен Тимур және Динара Құлыбаевтарға тиесілі «Кипрос» ЖШС).

Дереккөз:kamkor.org

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!