Бақыт Сұлтанов: 4 мемлекеттік орган жекешелендіруді орындамай отыр

15:41, 17 шілде 2018

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – Бақыт Сұлтанов бүгінгі Үкімет отырысында жекешелендіруді орындамай отырған 4 мемлекеттік органды атады.

«Республикалық меншіктегі 4 топ объекті бойынша біраз проблемалар орын алып отыр. Оның себебі, кейбір мемлекеттік органдар сатуға шығару үшін қажетті шараларды және жекешелендіру жөніндегі комиссия қабылдаған ұсынымдарды орындамай отыр. Бұл инвестициялар және даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және спорт, білім және ғылым министрліктері. Нәтижесінде, Қаржы министрлігінің жекешелендіру бойынша рәсімдерді жеделдетудің қажеттілігін салалық мемлекеттік органдарға бірнеше рет ескерткендігіне қарамастан ағымдағы жылы осы 4 объектінің сатылмай қалу қаупі бар»,- деді Қаржы министрі.

Жалпы, жекешелендіру процесі аталған кемшіліктерге қарамастан сату кестелеріне сәйкес жүргізілуде. Ағымдағы жылдың аяғына дейін 87 объекті сауда-саттыққа шығарылады, оның ішінде республикалық меншіктегі 20 объекті; коммуналдық меншіктегі 31 объекті және квазимемлекеттік сектордағы 36 актив.

Процесті жылдамдату мақсатында Министрлік жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының объектілерін сатуды аяқтау бойынша 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті (IPO/SPO шығарылатын «Самұрық-Қазына» компанияларын қоспағанда). Бұл құжат жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер мен компаниялардың назарына жеткізілді.

Мемлекеттік тізілім арқылы жекешелендіру процесіне тұрақты мониторинг жүзеге асырылып жатыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!