Алтын құймаларының бағасы 1,5 есе қымбаттады
© Фото: pexels
Алтын құймаларының бағасы соңғы 2 жылда 1,5 есе өскен. Осылайша алтынға инвестиция жасағандар 41% пайда көріп отыр.
Алтын алу да инвестицияның бір түрі. Бірақ ол сізге 2-3 айда пайда әкеле қалады десеңіз, қателесесіз. Айналымда ұзақ жатқанда ғана еселеп қайтады. Әлбетте, нарықтағы бағасын бағамдап отыру маңызды. Экономистер "алтын бар жерде тәуекел барын" ескертеді.
"Бір ғана бағытқа, тұрғын үйге немесе көлікке ақшасын сала беретін болса, болашақта банкротқа ұшырап қалу қаупі жоғары. Менің қосымша 1 млн артық ақшам болса, мен оны жастықтың астына тығып қойғаннан гөрі, оны әртараптандыруым керек. Ең қарапайым түрі – алтын. Алтын теңгелі депозит сияқты тез табыс әкелмейді. Бірақ ол тұрақты валюта. 10 жылдан кейін де алтынның бағасы қымбаттамаса арзандамайды. Ол да біздің тәуекелімізді тиімді жұмсауға мүмкіндік береді." Бауыржан Ысқақов, экономист
Алтын құймаларын алу мен сақтаудың бірнеше жолы бар. Бірі, бағалы металлға инвестиция ретінде арнайы шот ашу. Мұндайда ол қолыңызға тимейді, банктің өзінде сақталады. Ал екінші жолы, банкке алдын ала хабарласып, өтініш беріп, алтын құймасын қолыңызға алу. Бірақ оның қаптамасын ашсаңыз, бірден құнын жоғалтуы мүмкін. Ал сатар болсаңыз, кез келген банкке яки айырбастау пуктіне өткізе аласыз, деп жазады qazaqstan.tv.
Бүгінге дейін әлемде 187 мың тонна алтын өндірілген. Жер жаһандағы алтынның қоры 244 мың тоннаға жуық.Сондықтан сарапшылардың пікірінше, бұл бағалы түсті металлға сұраныс артпаса кемімейді. Тек ақшаңызды еселеу үшін нарықты мұқият зерттеген жөн.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:35, 12 қаңтар 2026
12 қаңтардағы Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы
-
12:05, 11 қаңтар 2026
11 қаңтардағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы қандай
-
13:20, 10 қаңтар 2026
Алматы мен Астанадағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 10 қаңтар
-
16:10, 9 қаңтар 2026
9 қаңтардағы саудада доллар бағамы сәл ғана өсті
-
11:36, 9 қаңтар 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 9 қаңтар





