Алматыда жеті мың ағаш отырғызылды

15:23, 13 сәуір 2019
1212

Алматы. 13 сәуір. 7kun.kz – «Jasyl Meken» жалпықалалық акциясы аясында шаған, қайың, жөке ағашы, емен, шегіршін, акация, шырша және басқа да ағаштың түрлері отырғызылды.  Бұл туралы қалалық Жасыл экономика басқармасынан хабарлады.

Қалалық акцияға 120 мыңнан астам адам қатысты. Олар ағаш егумен қатар аудандарда көшелерді, аула аумақтарын, жалпы пайдаланудағы жерлерді, арықтарды, сондай-ақ өзен арналары мен жағалауларын тазалау жұмыстары  жүргізді.

Жиналған қоқыстарды шығару үшін коммуналдық қызметтер мен ұйымдардың 900-дей арнайы техникасы жұмылдырылды.

Акция шеңберінде Диваев көшесінен Одесская көшесіне дейінгі Шығыс айналма автомобиль жолының бойына  557 ағаш отырғызылды, соның ішінде 100 емен ағашы, 175 жөке ағашы, 100 церцис, 75 катальпа, 25 қайың жəне 82 шырша бар. 

Жалпы жазға дейін қалада 12 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!