Ақжарқын Тұрлыбай ісі: өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкім өзгеріссіз қалды

23:20, 27 желтоқсан 2019

Бүгін Қытайдың Гуанчжоу сотында есірткі тасымалдағаны үшін айыпталған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мен адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов хабарлады.

Алайда қытай соты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Үкім 10 күннен соң күшіне енеді.

Сот отырысына адвокаттар мен Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің консулы қатысқан.

Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетовтың жазуына қарағанда Ақжарқын Тұрлыбайдың жазасын Қазақстанда өтеуіне заңды негіз бар. Сондықтан, Ақжарқын ісін қарауды әлі де жалғастыруға мүмкіндік бар сияқты.

Еске сала кетейік, 21 жастағы қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында 4,5 келі есірткімен ұсталған болатын. Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2016 жылы 7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот істі қайта қарауға жіберген еді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!