10 тамыздағы сауда-саттықта доллар мен рубль бағамы төмендеді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 10 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,6 теңгеге төмендеп, 466,08 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 0,07 теңгеге арзандап, 5,64 теңгеге дейін төмендеді.
Күндізгі сауда-саттықта Қытай юанінің бағамы 0,61 теңгеге төмендеп, 68,47 теңгені құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 466,15–468,19 теңгеден, еуро 536,08–541,32 теңгеден, рубль 5,36–5,51 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
10 тамыздағы таңғы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы өсті.
Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,58 долларға қымбаттап, 84,13 долларды құрады.
Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 0,4 долларға өсіп, 78,58 доллар болды.
Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 469,93 теңге, еуроны 541,64 теңге, рубльді 5,71 теңге деңгейінде белгіледі.
10 тамыздың бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын сілтеме арқылы білуге болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:05, 5 қыркүйек 2026
5 қыркүйектегі валюта бағамы қандай
-
15:45, 4 қыркүйек 2026
4 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы тағы өсті
-
15:48, 2 қыркүйек 2026
Қазақстанда доллар бағамы шамамен 3 теңгеге төмендеді
-
15:19, 2 қыркүйек 2026
Доллар 456 теңгеге дейін түсті: теңге неге нығайып жатыр?
-
15:48, 1 қыркүйек 2026
1 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды





