7 тамыздағы сауда қорытындысы: доллар бағамы қайта өсті
© Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 7 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,22 теңгеге көтеріліп, 469,93 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 0,02 теңгеге төмендеп, 5,71 теңге болды.
Қытай юанінің бағамы 0,14 теңгеге арзандап, 69,08 теңгені құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 469,8-472 теңгеден, еуро 536,7-542 теңгеден, рубль 5,52-5,65 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
7 тамыздағы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы өсті.
Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 1,24 долларға қымбаттап, 83,73 доллар болды.
Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы 0,96 долларға өсіп, барреліне 78,25 долларды құрады.
Таңертең ҚР Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 467,48 теңге, еуроны 539,52 теңге, рубльді 5,73 теңге деңгейінде белгіледі.
Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында 7 тамызда күннің алғашқы жартысында шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын мына жерден көруге болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:05, 5 қыркүйек 2026
5 қыркүйектегі валюта бағамы қандай
-
15:45, 4 қыркүйек 2026
4 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы тағы өсті
-
15:48, 2 қыркүйек 2026
Қазақстанда доллар бағамы шамамен 3 теңгеге төмендеді
-
15:19, 2 қыркүйек 2026
Доллар 456 теңгеге дейін түсті: теңге неге нығайып жатыр?
-
15:48, 1 қыркүйек 2026
1 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды





