30 сәуірдегі сауда кезінде доллар бағамы қалай өзгерді
© Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 30 сәуірде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 512,34 теңге (+0,15) болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,29 теңгеге (+0,04) дейін өсті.
Таңғы саудада юаньның орташа сараланған бағамы 70,46 теңге (+0,05) болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 511,5-513,9 теңге, еуро 583,5-587,5 теңге, рубль 6,11-6,23 теңге аралығында сатылуда.
30 сәуірдегі саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.
Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,86 долларға арзандап, барреліне 63,39 долларды құрады.
Нью-Йорк NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнай баррелі 0,77 долларға арзандап, 59,65 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 512,32 теңге, еуроны 582,92 теңге, рубльді 6,29 теңге деп белгіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:54, 14 наурыз 2026
14 наурыздағы валюта бағамы қандай
-
17:42, 13 наурыз 2026
14 және 15 наурыздағы демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары
-
12:09, 13 наурыз 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта айырбастау бағамдары – 13 наурыз
-
15:52, 12 наурыз 2026
Қазақстанда доллар бағамы қайта өсті
-
11:25, 12 наурыз 2026
12 наурыздағы Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта айырбастау бағамы





