1,5 млрд теңге қайда? «Алтын Орда» базарында тағы шу

16:22, 7 қыркүйек 2023

Алматы маңынағы «Алтын Орда» базарының 200-ден астам саудагері алаяқтықтың құрбаны болуы мүмкін. Бүгін атышулы базардың жабық павльонынан сауда орнын аламыз деп, қаражат құйған кәсіпкерлер наразылық танытты. Олар 2022 жылдың қазан айынан бері әрқайсысы кем дегенде 12 млн теңгеден, жаңа сауда орындарын аламыз деп, қаражат жинаған. Бүгінгі күні 1,5 млрд теңгекөлеміндегі сомманың тағдыры беймәлім, деп хабарлайды Qaz365.kz

Базардың үшінші жабық ғимаратынан 300-ден астам сауда орнын салып береміз деген «Altyn Orda new company» ЖШС иесі Қаңтар оқиғасынан кейін «Алтын Орда» базарына оралған Данияр Әлпиев деген азамат. Ол осы базардың алғашқы құрушыларының бірі, марқұм Алтынбек Әлпиевтіңұлы.  Саудагерлердің айтуынша осы азамат пен оның серіктесі Ермек Омаров 2023 жылы 9 маусым мен 2024 жылдың 9 қаңтары аралығында, жарты жылда саудагерлер үшін жабық сауда алаңдарының құрылысын бітіруге уәде беріп, алдын ала қаражатты жинап алыпты. Алайда бүгін наразылыққа шыққан салымшылар құрылыстың 25 пайызы ғана аяқталғанын, ал Данияр Әлпиевтің үстінен полиция қылмыстық іс қозғағанын айтып алаңдап отыр. 

«Жеке кәсіпкер ретінде 2009 жылдан бері осы базарда жұмыс істеймін. БАҚ өкілдерін жинау себебіміз – халықтың президентке айтатын уәжі бар. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, «Алтын Орда» базарындағы кәсіпкерлердің талабын назардан тыс қалдырмауды сұраймыз.   «Altyn Orda new company» 2022 жылдың қазан айынан бастап Данияр Әлпиевтің басшылығымен сауда орталығында 3-ші павильонның құрылысын бастайтынын айтқан еді. Сол себепті біз жеке кәсіпкерлер бір шаршы метрі 800 мың теңге тұратын бутик үшін әрқайсымыз 12 млн теңге қаражат құйдық. Орынсыз қалып қалмайық деп жаппай сатып алуға тырыстық.

Сосын 6 айдан соң осы базардың басшылығының ауысқанын естідік. Біздің білуімізше Данияр Әлпиев базардың иесі емес арендатор екенін білдік. Ал «Компания №1» ЖШС Алексей Недагарка деген кісімен жиналыс өткенде, бізге осындай мәлімдеме жасады. Яғни салымшылардан заңсыз ақша жиналғанын айтты. Біздің білуімізше Әлпиев пен оның компаниясының үстінен қылмыстық іс қозғалыпты. Бірақ нәтиже жоқ. Енді біздің базар иелерінің алдына қоятын өз талаптарымыз бар. Алағы уақытта құрылысы бітпеген бутиктер біздің иелікте болады дегенге кепілдік хат беруді талап етіп отырмыз. Біз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан осы іске назар аударып, тиісті тапсырмалар беруді сұраймыз», дейді Айгүл Нұржауова.

«Біз базардың қазіргі өкілі Алексей Недагарка деген азаматпен 2 рет жолықтық. Одан біз кепілхат немесе қайтадан келісімшарт жасап беруді сұрадық. Бірақ Ресей азаматы, осы базарды басқарып отырған Алексей Недагаркаға қазақ тілінде ойымызды жеткізе алмадық. Оның аузынан түсінгеніміз базар құрылысы биыл жыл соңына дейін, яғни мерзімінде бітпейді дегенді түсіндік. Әлі бір жыл салынады деп отыр. Біз оның тағы бір жылға созылып, екі жылға айналатынын біліп тұрмыз. Ендеше халық кредит алды. Оның проценті жүріп жатыр. Салымшылар үшін банк несиенің процентін тоқтатып қоймайды ғой. Екі есе шығын. Сондықтан біз құрылыстық уақытында бітпегені үшін бағаны түсірсін дедік. Осы оңтайлы шешім. Өйткені 1,2-ші павильондар 8 млн теңгеден салынды. Енді 3-ші 12 млн теңге болды. Сондықтан бағаны түсіріп, 8 млн теңге деңгейіне түсірсін. Ескі павильондарды бұзған соң, халық сауда істеп күн көру үшін амалсыз 12 млн құюға мәжбүр болды. Олар күнделікті тамағы үшін жүр. Шекесі қызған кәсіпкерлер жоқ мұнда. Біздің талабымызға құлақ ассын», — дейді Гүлайым Мақашева есімді кәсіпкер. 

«Ал мен осы базарға былтыр қазанда салымшы ретінде 3 бутикке ай сайын 1 млн теңгеден құйып отырдым. Сол кезде Маржан деген әйел кассир болатын. Ол егер уақытында құймасаңдар, бутикті басқа біреуге сатып жібереміз, деп қорқытатын. Сондықтан бір ай да кешіктірмей құйып келдік. Енді өздерінің ішінде бір түсініспеушіліктер болып, базар иелері ауысқан. Екі ортада біз күйетін сияқтымыз. 

Енді осы күнге дейін жиналған ақша 1 млрд 600 млн теңге деген ақпарат шықты. Сол арендатор соқпаса, жердің иесі соға ма? Біздің салған қаржымыз қайда? Мұндағы саудагерлер кредит алып, біреуі үйін, екіншісі көлігін сатып үміттенді. Сондықтан қаржысын құйды. Ол бутиктердің құрылысы 2024 жылдың қаңтарында бітуі керек. Соған қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой. Міне, қаңтардың ауылы алыс емес.  Данияр Әлпиев атымен жоқ. Ол кісі қайда?» —  деп ашынады Ақерке Тағаева. 

Саудагерлердің өкілі, адвокат Бауыржан Тоқтарбайұлы мұнда қаражат салған 300-ден астам саудагердің 215-і полицияға ұжымдық арыз жазғанын айтып отыр. Алайда Алматы облысы Қарасай аудандық ІІБ қандайда бір процессуалдық қадамдар жасауға асығар емес. Осы күнге дейін арызданушыларды шақырмаған. Ал ҚР ҚК 190 бабы, яғни аса ірі көлемде алаяқтық жасауы мүмкін деген азаматтар қамауға алынбаған. «Altyn Orda new company» ЖШС иесі Данияр Әлпиев кездесуден қашып отыр, дейді заңгер. 

«Қазіргі таңда заң талабы бойынша бұл кәсіпкерлер арыз жазды. Жеке жазғандары да бар, ұжымдасып жазғандары да бар. Данияр Әлпиев басқаратын «Altyn Orda new company» бұл кісілерден заңсыз ақша алған. Ол бойынша қазір қылмыстық іс қозғалып, Қарасай ауданының ішкі істер басқармасында тергеу жүргізілуде. Айта кететін жағдай. Ол тергеуге көңіліміз толмай отыр. Себебі баяу жүріп жатыр. Арыз жазылса да, қанша уақыттан бері екімді шақырып сұрау алмаған. Сондықтан бұл кісілер үнсіздік болған соң, осылай шығып жанайқайын жеткізіп жатыр.Үкіметке жетсін деген ойы бар. Өйткені бұл жерден 1,5 млрд теңге ақша жинап алып, осылай жоқ боп кетуі және оны құзырлы органдардың іздемеуі күдік тудырады.

Әлпиевтің компаниясы, яғни «Altyn Orda new company» бұл жерде арендатор рөлінде болған. Ал «Компания №1» деген мекеме бұл базар тұрған жердің иесі. Алғашқысына кейінгісі жерді жалға берген. Ал Данияр Әлпиев субарендаторлардан ақша жинап, осы жерді біз басқарамыз, ғимараттарға біз жауап береміз деп қаржы жинап алған. Бірақ сол күйі жоқ. Ақша берген саудагерлерге не жөнін айтпайды, ары қарай бола ма, болмай ма деген сауалға жауап бермейді. Одан кейін жиналған қаражатқа мынандай құрылыыс жүріп жатыр, мынандай матертал алдық деп есеп бермейді. Белгісіздік күйге түсіріп қойған 

Бүгін наразы топ пен БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беруге шыққан «Алтын Орда» базарын басқарушы компания өкілі ешкімнің далада қалмайтынын айтты. Бірақ саудагерлердің талабына ішінара ғана жауап берді. Қазіргі басқарушы компанияның заңгері Ізбасар Тілеулин саудагерлердің уәжін басшыға жеткізетінін айтты. 

«Бұл кісілермен 4-5 рет кездестік. Құрылыс бойынша қазір қылмыстық іс жүріп жатыр. Іс аяқталса, бұл құрылыс тоқтамайды, жүреді. Қолға аламыз. Полиция басқармасы саудагерлерді жәбірленуші деп тануы керек. Сот жүреді. Соның шешіміне сай біз құрылысты аяқтап, иелеріне береміз. Құрылысқа тапсырыс беруші: «Компания №1» ЖШС. Олар да бұл істен хабардар»,- дейді базар әкімшілігінің өкілі. 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!