25 қыркүйектегі саудада доллар бағамы тағы төмендеді
© Фото: freepik
2025 жылғы 25 қыркүйек күні 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 541,68 теңгені құрап, 0,92 теңгеге арзандады.
Рубль бағамы өзгеріссіз қалып, 6,49 теңге деңгейінде сақталды. Ал қытай юанінің орташа сараланған бағамы таңғы саудада 75,94 теңге болып, 0,38 теңгеге төмендеді.
Айырбастау пунктерінде доллар 542,1–544,5 теңге, еуро 635,5–639,5 теңге, рубль 6,39–6,51 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда.
Әлемдік нарықта да мұнай арзандап жатыр. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 69,07 долларды құрап, 0,24 долларға төмендеді. Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 64,73 долларды құрап, 0,26 долларға арзандады.
Ұлттық банк осы күнгі ресми бағамды былай белгіледі: доллар – 542,8 теңге, еуро – 637,84 теңге, рубль – 6,49 теңге.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:18, 11 қараша 2025
1 желтоқсанға қарай доллар бағамы қандай болады
-
16:05, 11 қараша 2025
11 қарашадағы сауда-саттық қорытындысы: доллар бағамы қайта өсті
-
11:24, 11 қараша 2025
11 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбас бағамдары
-
15:48, 10 қараша 2025
10 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша доллар арзандады
-
11:34, 10 қараша 2025
Қазақстандағы негізгі валюталардың айырбас бағамы: доллар, еуро, рубль





