13 қарашадағы сауда қорытындысы: доллар тағы да арзандады
© Фото: Zakon.kz
2025 жылдың 13 қарашасында сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 524,32 теңгені құрап, тағы 0,26 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы өзгеріссіз қалып, 6,48 теңге деңгейінде сақталды.
Қытай юанінің орташа бағамы 73,86 теңгені құрады (+0,14 теңге).
Ал айырбастау пунктерінде:
- доллар 524,2–526 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда,
- еуро – 607,1–611,2 теңге,
- рубль – 6,42–6,53 теңге шамасында.
Мұнай бағасы да төмендеуде.
13 қарашадағы халықаралық саудада қаңтар айындағы Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,3%-ға арзандап, барреліне $62,51 болды.
Желтоқсан айына арналған WTI маркасы 0,4%-ға төмендеп, барреліне $58,27 деңгейінде саудалануда.
Таңертең Ұлттық банк ресми бағамды келесідей белгілеген болатын:
- доллар – 524,65 теңге,
- еуро – 607,02 теңге,
- рубль – 6,48 теңге.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:48, 19 шілде 2026
19 шілдедегі Алматы мен Астана айырбастау орындарындағы валюта бағамдары
-
16:02, 17 шілде 2026
17 шілдедегі саудада Ресей рублінің бағамы 6 теңгеден төмен түсті
-
12:23, 17 шілде 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары – 17 шілде
-
16:08, 16 шілде 2026
16 шілдедегі сауда қорытындысы: доллар бағамы өсті
-
11:44, 16 шілде 2026
16 шілдедегі валюта бағамы: Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі курс





