10 ақпандағы сауда-саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 10 ақпанда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 491,88 теңгені құрап, 2,64 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы 6,37 теңгеге дейін төмендеді (–0,05).
Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 71,40 теңге болды (–0,06).
Ал айырбастау пункттерінде:
- доллар 491,5–493,6 теңге аралығында,
- еуро 583,6–588,4 теңге аралығында,
- рубль 6,33–6,45 теңге аралығында сатып алынып, сатылып жатыр.
Сонымен қатар, 10 ақпанда әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеуде.
Атап айтқанда:
Brent маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерсі 0,07%-ға арзандап, барреліне 68,99 долларды құрады;
WTI маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерсі 0,22%-ға төмендеп, 64,22 долларға жетті.
Айта кетейік, таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 494,75 теңге, еуроны 586,77 теңге, ал рубльді 6,38 теңге деңгейінде белгілеген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:18, 2 сәуір 2026
Доллар бағамы неге төмендеп жатыр – экономистер түсіндірмесі
-
15:42, 2 сәуір 2026
2 сәуірдегі саудада доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
-
11:25, 2 сәуір 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау пунктеріндегі валюта бағамы - 2 сәуір
-
13:12, 31 наурыз 2026
Валюта бағамы жаңартылды: Астана, Алматы, Шымкент
-
16:04, 30 наурыз 2026
30 наурыздағы саудада доллар бағамы төмендеді





