Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерінің» аудармасы ЮНЕСКО-ға тарту етілді
© Фото: zakon.kz
ЮНЕСКО кітапханасының қоры Абай Құнанбайұлының "Қара сөздерінің" жаңа бейімделген аудармасымен толықты. Кітапты табыстау рәсімі ұйымның Париждегі штаб-пәтерінде өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ұрпаққа ұлағат" атты кітабында Абайдың көрнекті шығармасы қазіргі оқырманға лайықталып, аудармашының түсіндірмелерімен берілген. Бұл туралы кітап авторы Гүлмира Амандықова айтады. Ал жуырда бұл еңбек Астанада өткен "Ұлттық кітап" жалпыұлттық байқауында "Жыл кітабы" сыйлығына ие болды, деп хабарлайды 24.kz.
Айта кеткен жөн, 1995 жылы Абай Құнанбайұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО төрінде аталып өткен тәуелсіз Қазақстанның алғашқы мерейтойлық іс-шарасы болды. Содан бері ұлы ойшылдың бірегей әдеби мұрасы халықаралық қауымдастықтың жіті назарында.
"Ұрпаққа ұлағат" кітабының кітпаханаға сыйға тартуы бұл біздің халықаралық деңгейде Абай мұрасын көрсеткеніміз болып табылады. Алдағы уақытта кітапты әрі қарай аударуға, дамытуға және осы он екі тілге аударылған кітабымызды барлық елде таныстырылымын өткізіп көрсету жоспарымыз бар". Гүлмира Амандықова, филолог, аудармашы, "Ұрпаққа ұлағат" кітабының авторы
Бұған дейін қазақстандық ұстаз әлемнің үздік тревел-блогері атанғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:30, 24 мамыр 2026
Трамп Иранмен «келісімге келіп қалғанын», Ормұз бұғазы ашылатынын мәлімдеді
-
11:58, 24 мамыр 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары - 24 мамыр
-
11:44, 24 мамыр 2026
Рудныйда өртенген көпқабатты тұрғын үйден 14 адам эвакуацияланды
-
10:57, 24 мамыр 2026
Қазақстандық ұстаз әлемнің үздік тревел-блогері атағына ие болды
-
10:57, 24 мамыр 2026
Қазақстандық ұстаз әлемнің тревел-блогері атанды





