Қазақстандық ұстаз әлемнің тревел-блогері атанды
© Сурет: видеодан алынды
Қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрақым Францияның Канн қаласында өткен WIBA Travel Awards марапаттау рәсімінде "Үздік саяхатшы-блогер 2026" номинациясының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Айта кетсек, әлемнің үздік тревел-блогері атанған Дастан биыл 25 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен болатын.
Ол кезде блогер парақшасында:
"Мен негізі "Қазақ тілі және әдебиеті" пәнінің мұғалімімін, бірақ жан дүнием үнемі шығармашылыққа тартып тұрды. Сөйтіп, бірнеше жыл бұрын блогерлікті бастаған кезде, мұндай дәрежеге жетемін деп күтпедім", деп жазған еді.
Дастан дрон мен камераларды пайдалана отырып, Қазақстан және өзге елдердің табиғатын видеоға түсіріп, блогында үнемі жариялап отырады. Оның роликтері арқылы милиондаған шетелдік Қазақстанның табиғаты, мәдениеті, туристік орындарымен танысып, кеңінен мағлұмат алып отырады.
Бұған дейін Францияда 79-шы Канн халықаралық кинофестивалі өз мәресіне жеткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:58, 24 мамыр 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары - 24 мамыр
-
11:44, 24 мамыр 2026
Рудныйда өртенген көпқабатты тұрғын үйден 14 адам эвакуацияланды
-
10:57, 24 мамыр 2026
Қазақстандық ұстаз әлемнің үздік тревел-блогері атағына ие болды
-
10:41, 24 мамыр 2026
Францияда 79-шы Канн халықаралық кинофестивалі өз мәресіне жетті
-
09:26, 24 мамыр 2026
ДСМ жүргізушілерді медициналық куәландырудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізетін болды





