Қазақстандық ұстаз әлемнің үздік тревел-блогері атағына ие болды
© Сурет: видеодан алынды
Қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахим Францияның Канн қаласында өткен WIBA Travel Awards марапаттау рәсімінде "Үздік саяхатшы-блогер 2026" номинациясының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Осылайша қазақстандық блогердің есімі әлемге танымал инфлюенсерлермен қатар аталды.
Айта кетсек, әлемнің үздік тревел-блогері атанған Дастан биыл 25 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен болатын.
Ол кезде блогер парақшасында:
"Мен негізі "Қазақ тілі және әдебиеті" пәнінің мұғалімімін, бірақ жан дүнием үнемі шығармашылыққа тартып тұрды. Сөйтіп, бірнеше жыл бұрын блогерлікті бастаған кезде, мұндай дәрежеге жетемін деп күтпедім", деп жазған еді.
Дастан дрон мен камераларды пайдалана отырып, Қазақстан және өзге елдердің табиғатын видеоға түсіріп, блогында үнемі жариялап отырады. Оның роликтері арқылы милиондаған шетелдік Қазақстанның табиғаты, мәдениеті, туристік орындарымен танысып, кеңінен мағлұмат алып отырады. Соңғы бір жыл ішінде оның көптеген ролигі миллиондаған қаралым жинап, кейбірі Instagram желісінің ресми парақшалары мен ұсынымдарына шыққан.
WIBA Awards – халықаралық деңгейде танылған контент авторларын марапаттайтын беделді сыйлықтардың бірі. Бұл марапат digital-индустрияға ықпал етіп, аудитория назарын аудара алған авторларға табысталады.
Дастан Мұхамедрахимнің видеолары табиғаттың көркін, түрлі қалалардың атмосферасын және елдердің мәдениетін ерекше кино стилінде көрсетуімен ерекшеленеді.
Айта кетейік, бұған дейін Дастан Мұхамедрахим WIBA Awards 2026 жеңімпаздарының қатарына енгенін хабарлаған болатын. Алайда марапатты табыстау рәсімі енді ұйымдастырылды.
Бұған дейін Францияда 79-шы Канн халықаралық кинофестивалі өз мәресіне жеткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:53, 24 мамыр 2026
Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерінің» аудармасы ЮНЕСКО-ға тарту етілді
-
12:30, 24 мамыр 2026
Трамп Иранмен «келісімге келіп қалғанын», Ормұз бұғазы ашылатынын мәлімдеді
-
11:58, 24 мамыр 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары - 24 мамыр
-
11:44, 24 мамыр 2026
Рудныйда өртенген көпқабатты тұрғын үйден 14 адам эвакуацияланды
-
10:57, 24 мамыр 2026
Қазақстандық ұстаз әлемнің тревел-блогері атанды





