Toyota Camry 70 көлігін жалға алып, біреуге сатып жіберді
© Сурет: pixabay
Нұр-Сұлтанда жалға алынған көлікті сатқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан полициясына 32 жастағы қала тұрғыны арызданды.
Ол көлік сату хабарламалары жарияланатын сайттан өзіне мәшине таңдап, 12 млн теңге сатылатын Toyota Camry 70 дегенге қызыққан. Сатушы да мұндай арзан бағаны ақшаға қатты мұқтаж боп тұрғанымен түсіндірген.
Сатушымен кездесіп, көлікті көрген жәбірленуші 11 млн 700 мың теңгеге саудаласып, көлікті аламын деп шешті. Сатып алушыдан 11 млн теңге алған күдікті кілтті берді, көлікті толық есеп алғаннан кейін рәсімдейміз деген уәде берді, - деп хабарлады полициядан.
Полицейлер анықтағандай, әлгі сатушы бұл автокөлікті жалға алып, оны сату туралы хабарландыру берген.
Жедел-іздестіру барысында елордалық полицейлер 36 жастағы күдіктіні Алматыдан ұстап, УҰИ-ға қамауға алды.
ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер бұл күдіктінің әрекетінен зардап шеккен басқа азаматтар да болуы мүмкін деседі.
Бақытжан Отарбаева
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:32, 28 қазан 2025
Қазақстанда электромобильдер қымбаттағалы жатыр
-
13:54, 27 қазан 2025
Көлікті қысқа дайындау: әйнек, жылу және жарық
-
09:46, 15 қазан 2025
Мамандар моторды тез тоздыратын жүргізуші қателіктерін атады
-
15:43, 13 қазан 2025
Жаңа жүргізуші куәліктері 2026 жылдың басында беріле бастайды – ІІМ
-
13:26, 9 қазан 2025
VIP-нөмірді бір көліктен екіншісіне ауыстыруға бола ма





