Мемлекеттік қызмет көрсету жағынан артта қалған министрліктер аталды
© Сурет: primeminister.kz
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жағынан артта қалған министрліктерді атады, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, министрлік электрондық мемлекеттік қызметтер бойынша орталық мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне жыл сайын бағалау жүргізеді.
Ол мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіруді, мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың тиімділігін және электрондық қызметтерге қол жеткізуге әсер еткен ақпараттық жүйелердің істен шығуын есепке ала отырып жүргізіледі.
Көбінесе электрондық қызметтердің жұмыс сапасы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне байланысты болады. Мысалы, 2020 жылы 200 сағаттан астам үзіліс тіркелді. Антилидерлер - Ішкі істер, Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері, - деп хабарлады Бағдат Мусин Мәжілістегі Үкімет сағаты кезінде.
Осылайша, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру үшін министрлік жанындағы цифрлық трансформация орталығы қызметтерді банктердің танымал қосымшаларына шығарады. Мысалы, қазір қазақстандықтар сол жерде көлікті тіркей алады немесе қайта тіркеуден өте алады.
Мемлекеттік қызметтерді сыртқы платформаларға шығару процесті айтарлықтай оңтайландыру мен автоматтандыруға, сондай-ақ азаматтардың уақыты мен шығындарын үнемдеуге әсер етті. Бұл жағдайда автокөлікті сатып алушыға да, сатушыға да өтініш беру үшін ХҚКО-ға барып, кезек күтудің қажеті жоқ. Бұл тәсілдер пандемияны ескере отырып, аса маңызды, - деп атап өтті министр.
Бұған дейін ол 2 мыңға жуық мемлекеттік қызмет онлайн қолжетімді болатынын хабарлаған болатын.
Бақытжан Отарбаева
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:32, 28 қазан 2025
Қазақстанда электромобильдер қымбаттағалы жатыр
-
13:54, 27 қазан 2025
Көлікті қысқа дайындау: әйнек, жылу және жарық
-
09:46, 15 қазан 2025
Мамандар моторды тез тоздыратын жүргізуші қателіктерін атады
-
15:43, 13 қазан 2025
Жаңа жүргізуші куәліктері 2026 жылдың басында беріле бастайды – ІІМ
-
13:26, 9 қазан 2025
VIP-нөмірді бір көліктен екіншісіне ауыстыруға бола ма





