Қымбат көлікті арзанға әперем: алаяқ 3 адамнан 11 млн теңге сыпырып кетті
Талғар ауданының полицейлері аса ірі көлемде материалдық шығын келтірді деген күдікпен 46 жастағы жергілікті тұрғынды қамаққа алды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның 3 зардап шегушіге 11 млн теңге шығын келтіргені анықталды.
Талғар ауданының полициясына жергілікті тұрғындардаан Б. есімді азаматтың сенімге кіріп, ірі соманы алып кеткені туралы арыз түскен. Тергеу барысында зардап шегушілер қолдарындағы барлық жиған-терген қаржыларын қымбат көліктерді арзан бағада алып беремін деп жалған уәде берген жақындарына өз қолдарымен табыстаған.
"Сотқа дейінгі тергеу барысында арыз берушілер мен күдікті азаматтың өзара туыстығы анықталды. Күдікті қымбат көліктерді нарықтан төмен бағада әкелемін деген уәде беріп, 3 туысынан 11 миллион теңге алғаны белгілі болды. Өз құрбандарын сендіру үшін ол түрлі құйтырқы әрекеттерге барғанын әшкереледі. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды", - деді Талғар ауданы ПБ Тергеу бөлімі бастығының орынбасары полиция капитаны Азамат Слямов.
Полиция өкілінің айтуынша, күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бары тексерілуде. Алаяқтық дерегі бойынша қозғалған сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар жинақталып, іс материалдары жақын арада сотқа жолданатын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:32, 28 қазан 2025
Қазақстанда электромобильдер қымбаттағалы жатыр
-
13:54, 27 қазан 2025
Көлікті қысқа дайындау: әйнек, жылу және жарық
-
09:46, 15 қазан 2025
Мамандар моторды тез тоздыратын жүргізуші қателіктерін атады
-
15:43, 13 қазан 2025
Жаңа жүргізуші куәліктері 2026 жылдың басында беріле бастайды – ІІМ
-
13:26, 9 қазан 2025
VIP-нөмірді бір көліктен екіншісіне ауыстыруға бола ма





