Қазақстандық жүргізушілер үшін жақсы жаңалық
© Фото: Zakon.kz
Қазақстандықтар енді көліктің тарихын "ЦОН" мобильді қосымшасы арқылы тексере алады. Бұл туралы 2025 жылғы 22 қыркүйекте "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және олардың сапасын арттыру мақсатында қосымшада жаңа "Көлік тарихы" сервисі іске қосылды.
"Жаңа сервис көлікке қатысты толық ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Онда автокөліктің тіркелуі, арест пен кепілде болуы, айыппұлдар, кедендік ресімдеу, утильалым төлемі, ерекше белгілер мен берілген техпаспорттар туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұл формат жасырын проблемаларды алдын ала анықтауға, тәуекелдерді азайтуға және көліктің заңдық тазалығына көз жеткізуге жағдай жасайды", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, сервис көлік нарығындағы мәмілелердің ашықтығын арттырып, алаяқтықтың алдын алуға көмектеседі.
Қызметті пайдалану үшін көліктің VIN-кодын енгізу жеткілікті. Ақпарат мемлекеттік деректер базалары мен ақпараттық жүйелерден онлайн режимде тартылады. Сервис "ЦОН" қосымшасында (App Store/Google Play) ЖСН және телефон нөмірі арқылы авторизациядан кейін қолжетімді.
Бір тексерудің құны – 500 теңге. Сондай-ақ пакет ұсыныстары бар:
- 10 тексеру – 4500 теңге,
- 20 тексеру – 8000 теңге.
Айта кетейік, "Көлік тарихы" сервисі алғаш рет 2024 жылдың қазанында eGov.kz порталында, қарашада eGov Mobile қосымшасында іске қосылған. Ал 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап қазақстандықтар көлікті сату-сатып алу келісімшартын да "ЦОН" мобильді қосымшасында онлайн ресімдей алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:32, 28 қазан 2025
Қазақстанда электромобильдер қымбаттағалы жатыр
-
13:54, 27 қазан 2025
Көлікті қысқа дайындау: әйнек, жылу және жарық
-
09:46, 15 қазан 2025
Мамандар моторды тез тоздыратын жүргізуші қателіктерін атады
-
15:43, 13 қазан 2025
Жаңа жүргізуші куәліктері 2026 жылдың басында беріле бастайды – ІІМ
-
13:26, 9 қазан 2025
VIP-нөмірді бір көліктен екіншісіне ауыстыруға бола ма





