Алматыда тағы бір көшеде тұрақ ақылы болады

16:02, 20 сәуір 2021

© Сурет: kolesa.kz

"Алматы Паркингтің" Facebook-тегі парақшасында Молдағалиева көшесінің Ақан серіден Стасовқа дейінгі, Станкевич көшесінің Чернышевский мен Аймауытов аралығындағы және Чернышевский көшесінің Ақан серіден Станкевичке дейінгі бөлігінде жаңа тұрақ орындары болатыны туралы ақпарат жарияланды, дейді kolesa.kz.

Онда 164 әдеттегі орын мен мүгедектерге арналған 8 орын болады. Тұрақтар 29 сәуірден бастап жұмыс істейді.

Компания өкілдері ақылы тұрақ ашу туралы шешім аталған ауданда машина қоятын орын жетпей жатқандықтан, қала билігімен бірге қабылданғанын атап өтті. Осылайша мамандар трафикті азайтып, бос орындарды көбейтуді көздеп отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!