27 тамызда түнгі 12-ден кейін әл-Фараби 80 болады

17:52, 26 тамыз 2019

27 тамызда түнгі 12:00-ден бастап әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолында жаңа жылдамдық ережесі іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Дайындық жұмыстары аяқталды, сағат 00:00-ден бастап рұқсатты шекті жылдамдық – сағатына 80 шақырым болады. Әл-Фараби даңғылындағы екі учаскеде ғана сағатына 60 шақырымдық жылдамдық шектеуі бар: Бағанашылға бұрылатын тұста және Кіші Желтоқсан көшесінің тұсында. Ал Сайын көшесінде рұқсатты жылдамдық бұрынғыдай – 60 шақырым болып қалды, - деді Алматы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полковник Жандос Мұраталиев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!