Зимбабвенің 37 жыл отырған президенті Роберт Мугабе қайтыс болды

11:55, 6 қыркүйек 2019

Бұл туралы Твиттердегі парақшасында Африканың қазіргі президенті Эммерсон Мнангагва мәлімдеді.

"Зимбабвенің негізін қалаушы және бұрынғы президенті Роберт Мугабе қайтыс болды деген ақпаратты асқан күйзеліспен жариялаймын", - деп жазды ол.

Мугабе Зимбабвені 1980 жылдан бастап 2017 жылға дейін басқарды.

2014 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін ол әлемдегі ең кәрі мемлекет басшысы болды.

2017 жылдың 18 қарашасында елде Мугабе билігіне қарсы жаппай наразылық акциялары өтті. 2017 жылғы 21 қарашада Роберт Мугабе әскери билік пен ZANU-PF "Зимбабвенің ұлттық одағы" Патриоттық фронты басшылығының қысымымен президент қызметінен кеткен еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!