Желідегі масқара видеоның Алтай Республикасында түсірілгені анықталды

10:55, 27 қаңтар 2021

Әлеуметтік желідегі кәмелетке толмаған баланы зорлау фактісі туралы видео Ресейде - Алтай Республикасында түсірілген болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұндай мәлімдемені Ресейдің тергеу комитетіне сілтеме жасай отырып, Қырғызстанның ішкі істер министрлігі жасады.

Видео 2019 жылдың тамызында Алтай Республикасы, Кош-Агач ауылында түсірілген. Онда кәмелетке толмаған жас екінші кәмелетке толмаған ұл баланы зорлайды.

Алтай Республикасының тергеу комитетінің тергеу басқармасы Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 132 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды, 2020 жылы 31 желтоқсанда іс сотқа жіберілді.

Бұған дейін Қырғызстан ішкі істер министрлігі бұл оқиға өз елінде болмауы мүмкін деп айтуға толық негіз бар екенін хабарлаған болатын. Ал видеоның өзі бір-екі жыл бұрын түсірілген.

Мессенджерлерде ұл баланы бейтаныс жігіттің зорлап жатқан видеосы пайда болды. Жаға ұстатар масқара оқиға қоғамдық моншада болған. Видеодағы екеу қырғызша сөйлеседі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!