Жапония Солтүстік Корея әрекетін қатаң сынға алды

23:38, 3 қыркүйек 2017

Жапония Солтүстік Кореяның ядролық сынама өткізуін қатаң сынға алғанын дипломатиялық жолмен жеткізді.

Сондай-ақ елдің премьер-министрі Синдзо Абэ Пхеньянның әрекетін айыптап, халықаралық қауымдастықтарды Солтүстік Кореяға жан-жақтан қысым көрсетуге шақырды.

Синдзо Абэ, Жапония премьер-министрі:

– Халықаралық ұйымдар жасаған бірнеше ескертуге құлақ аспастан, Солтүстік Корея тағы да ядролық сынақ өткізді. Жапония бұған көз жұмып қарап отыра алмайды. Халықаралық қауымдастықтар және АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресеймен бірлесіп, Жапония Солтүстік Кореяға қарсы нақты қадам жасайды. Менің ойымша, БҰҰ әлемдегі тыныштықтың сақталуына баса мән беруге тиіс.

Солтүстік Кореяның ядролық сынағынан кейін Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин шұғыл түрде ұлттық қауіпсіздік кеңесін шақырып, ел әскері дайындығын күшейтті. Бұған дейін Солтүстік Корея билігі құрлықаралық баллистикалық зымыранды пайдалануға болатын сутектік бомба жасап шығарғанын мәлімдеген. Оның қуаттылығы 10 мен 100 килотонна арасында өзгере алады. Ал Халықаралық қауымдастықтар Пхеньяннан ядролық сынақтарды доғаруды талап етіп келеді. Тіпті БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі бірнеше рет бұл елге қатысты санкцияны да қатаңдатты.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!