Жаңа босанған әйел нәрестені кір жуғыш машинаға салып, жуып жіберген

11:41, 27 қаңтар 2020

Ресейдің Свердлов облысы Талица қаласының тұрғыны жаңа туған нәрестені кір жуғыш машинаға салып, жуған, деп хабарлайды Lenta.ru.

Порталдың мәліметінше, оқиға ауқатты көпбалалы отбасында болған. Түнде күйеуі мен үш үлкен баласы ұйықтап жатқанда, әйелдің толғағы келіп, мезгілінен бұрын босанған. Ол бірден жаңа туған нәрестені кір машинаға салып, жуып, одан соң оны өлі туды деп мәлімдеген.

Көршілердің айтуынша, полицияны әйелдің күйеуі пәтерге шақырған: таңертең ол балабақшаға, мектепке балаларын жинап жатқанда әйелінің қансырап жатқанын көреді. Оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп, болған оқиға бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Әзірге Ішкі істер министрлігі мен Тергеу комитеті бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!