WhatsApp жаңа функциясын іске қосады

21:13, 5 қараша 2020

WhatsApp мессенджері жеті күннен кейін жойылып кететін хабарламалар режимін қосты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы компанияның блогында хабарланды.

WhatsApp-тағы хабарламалар көбіне біздің телефондарымызда мәңгілік қалады. Жіберілетін хабарламалардың көпшілігінің соншалық маңызы да жоқ. Сол себепті біз WhatsApp-та жойылып кететін хабарламалар режимін қуана ұсынамыз, – делінеді хабарламада.

"Жойылатын хабарламалар" деген опцияны іске қосқаннан кейін жіберілген хаттар жеті күннен кейін жоқ болады. Екі адамның өзара хабарлама алмасуында опцияны екеуінің бірі қоса алады, көп қатысушысы бар чаттарда бұл функцияның жұмысын администраторлар бақылай алады.

Хабарламалар мен өзге де контентке қатысты автоматты түрде жою функциясы топ админі немесе жеке чаттағы екеудің бірі жаңа режимді қосқаннан кейін жұмысын бастайды. Маңызды деген хабарлама немесе суретті бұл жағдайда тек скриншот арқылы ғана сақтап қалуға болады.

Бұл опцияға бір айдың ішінде барлық қолданушылардың қолы жетеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!