WhatsApp-та тағы бір жаңа функция пайда болады

16:55, 7 қыркүйек 2021

© Сурет: pixabay.com

WhatsApp мессенджеріне құпиялылықты сақтау бойынша жаңа функциясы қосылады. Бұл - қолданушы желіге соңғы рет кірген кездегі ақпаратты басқару опциясы, деп хабарлайды zakon.kz.

РИА Новости түсіндіріп өткендей, мессенджер қолданушысына өз профильіндегі ақпаратты кім көріп отырғанын нақты білуге мүмкіндік береді.

Мәселен, керекті деген адамдарыңыз үшін мессенджерде соңғы рет болған уақытыңызды толығымен өшірмей, жасыра аласыз. Егер жеке контактілер үшін "Соңғы кіруді" құлыптасаңыз, онда олардың деректері де Сізге қолжетімді болмайды.

Болашақта, WABetaInfo порталы хабарлағандай, жаңа функция фотосуреттер мен профиль ақпаратына бағытталатын болады. Бұл WhatsApp-тың жеке өмір құпиялылығын сақтау мүддесін нығайтуға мүмкіндік береді.

Әзірге бұл мүмкіндік iOS қосымшасының бета нұсқасынан байқауға болады, бірақ жақын арада Android тестерлері үшін де ол қолжетімді болып қалмақ. Бұл опция таяуда WhatsApp қызметі жаңартылған кезде ресми түрде жария етіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!