Венесуэладағы операциядан кейін АҚШ Сенаты Трамптың өкілеттігін шектеді
© Фото: flickr/Gage Skidmore
АҚШ Конгресінің Сенаты президент Дональд Трамп әкімшілігіне заң шығарушылардың рұқсатынсыз Венесуэлаға қарсы әскери күш қолдануға тыйым салуды көздейтін резолюция бойынша жұмысты жалғастыруды қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сенаттың ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, құжатты 52 сенатор қолдап, 47-сі қарсы дауыс берген. Резолюция атқарушы билікке қойылатын талап сипатында болып, президенттің соғыс қимылдарын біржақты бастау жөніндегі өкілеттігін шектеуге бағытталған.
АҚШ Конституциясына сәйкес, соғыс жариялау құқығы Конгреске тиесілі.
Бұған жауап ретінде Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Сенат қабылдаған резолюцияны конституцияға қайшы деп атады.
"Демократтармен бірге дауыс беріп, біздің әскери қимылдар жүргізу және АҚШ-ты қорғау өкілеттігімізді шектеуге тырысқан сенаторлар үшін республикашылдар ұялуы керек. (...) Әскери өкілеттіктер туралы заң Конституцияның II бабын өрескел бұзады. Бұл пікірді менің алдымдағы барлық президенттер мен олардың әділет министрліктері де қолдаған. Соған қарамастан, келесі аптада Сенатта бұл мәселе бойынша әлдеқайда маңызды дауыс беру өтеді", – деп жазды Трамп.
Сондай-ақ ол демократтарды қолдаған республикашыл сенаторлар – Сьюзан Коллинз, Лиза Мурковски, Рэнд Пол, Джош Хоули және Тодд Янгты сынға алып, олардың "енді ешқашан сайланбауы тиіс" екенін айтты. Трамптың пікірінше, мұндай дауыс беру АҚШ-тың өзін-өзі қорғау қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, президенттің бас қолбасшы ретіндегі өкілеттігін шектейді.
Айта кетейік, 2026 жылғы 3 қаңтарға қараған түні АҚШ Венесуэлаға соққы жасап, ел басшысы Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті ұстап, АҚШ-қа алып кеткен. Оларға "есірткі терроризмі", қару сақтау және есірткі контрабандасы бойынша айып тағылды. Алайда Мадуро мен оның жұбайы Нью-Йорктегі сотта өздерінің толық кінәсіз екенін мәлімдеді.
Кейінірек ықтимал АҚШ шабуылына қарсы елді қорғау үшін төрт миллионнан астам венесуэлалықтың мобилизацияланғаны белгілі болды.
Ал 6 қаңтарда Венесуэлада жүргізілген әскери операция аясында АҚШ Конгресінің өкілі Эйприл Делэйни демократтарды президент Дональд Трампқа қарсы импичмент рәсімін бастауға шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:39, 22 ақпан 2026
АҚШ елшісінің Израиль туралы айтқаны халықаралық резонанс тудырды
-
11:50, 22 ақпан 2026
Трамп Роналдудың Америкаға келгенін күтіп отырғанын мәлімдеді
-
10:57, 22 ақпан 2026
Трамп барлық елден келетін импорт тауарларға салынатын баж салығын 15%-ға дейін өсірді
-
10:52, 21 ақпан 2026
АҚШ Жоғарғы соты Трамптың ауқымды баж салығын заңсыз деп таныды
-
15:34, 19 ақпан 2026
Ауғанстанда «күнә құралы» деп танылған 500-ден астам музыкалық аспап өртелді





