Вашингтондағы Қазақстан елшілігі Наурызды атап өтті

20:44, 25 наурыз 2017

Вашингтондағы Қазақстан елшілігі International Club DC ұйымымен бірлесіп, Наурыз мейрамын атап өтті.

Еліміз туралы көбірек біліп, ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізбен танысу үшін салтанатты жиынға АҚШ қоғамының түрлі тап өкілдері келді. Қазақтың тарихы мен мәдениетінен мол мағлұмат алған қонақтар еліміздің даму үрдісі мен халықаралық сахнадағы жетістіктеріне көзі жетті. 

Кеш соңында шетелдік меймандар Қазақстанға барып, тамылжыған табиғатын көруге ниет білдірді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!