Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері кім болатыны белгілі болды

19:56, 29 қаңтар 2025

© Сурет: Instagram/footbolniregion

Футболдан ұлттық құраманың бұрынғы шабуылшысы Тимур Сисенов Станислав Черчесовтың орнын кім басатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері 44 жастағы Әли Әлиев болатыны мәлім болды.

Айта кетсек, Әлиев қызметінің әр жылдары "Қызылжар", қарағандылық "Шахтер", "Астана-Жас" және "Жеңіс" командаларының тізгінін ұстаған білікті маман.

27 қаңтарда ҚФФ баспасөз қызметі ресейлік Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кеткенін хабарлады. Кейін Черчесов бұған қатысты өз пікірін білдірді.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!