Каспий теңізінің үстінде Дубай-Мәскеу бағытындағы жолаушылар ұшағы апаттық белгі берді

20:31, 29 қаңтар 2025

© Сурет: pixabay

Дубайдан Мәскеуге бағыт алған Boeing 737 жолаушылар ұшағы Каспий теңізінің үстінде апаттық белгі берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірқатар БАҚ-тың мәліметінше, ұшақ биіктігін жоғалта бастаған, бірақ ұшуын жалғастыруда.

ТАСС Boeing 737 жолаушылар ұшағы Каспий теңізі үстінен ұшып бара жатқанда шамамен 20 минут бұрын General emergency кодын (жалпы дабыл белгісі) қосқанын атап көрсетеді.

"Ұшақ Астрахань әуежайына аман-есен қонды. Зардап шеккендер жоқ", деп басылымның авиациялық қызметтегі дерек көзі мәлімет берген.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!