Ұлыбритания пандемияға қарсы күресте оң нәтижеге қол жеткізе алмады
© Сурет: pixabay
Ұлыбритания COVID-19 пандемиясына қарсы күресте дәрменсіздік танытты. Тіпті, дамыған елдермен салыстырғанда ең нашар нәтиже көрсеткен. Әлемді әбігерге салған індеттің 5 жылдығынан кейін жүргізілген зерттеудің қорытындысы осындай.
Ұлыбританияда пандемия құрбандарын еске алуға арналған жүздеген шара өтті. Лондон халқы Биг Бен жанынан жүріп өтіп, Темза өзеніне қызыл қалампырлар тастады.
"Ауруханадағы кей науқастар жақында қайтыс болатынын білсе, кейбірі білмеді. Көпшілігіміз алғашқы екі-үш жыл бойы көз жасымызды тоқтата алмадық." Фелиция Кваку, Ұлыбританияның пандемия құрбандарын есте сақтау жөніндегі комиссияның мүшесі
Пандемиямен күресте экономикалық қолдауға қомақты қаражат жұмсалғанына қарамастан нәтиже мардымсыз. Халықтың өмір сүру ұзақтығы күрт төмендеп, денсаулығына байланысты жұмыс істей алмайтындардың саны артқан. Үйсіздер көбейіп, жастардың психикалық жағдайы әлсіреген, деп жазады qazaqstan.tv.
"Біз он жыл бұрынғы деңгейге оралдық. Ал басқа Батыс Еуропа елдері алға жылжып кетті. Бұл өте күрделі мәселе." Сива Анандачива, King’s Fund сараптамалық орталығының саясат жөніндегі директоры
Карантин аяқталғаннан кейін АҚШ-тан басқа "Үлкен жетілікке" мүше елдердің барлығында жұмысқа қайта қосылған ересектер саны артқан. Бірақ Британияда жағдай басқаша.
"Пандемия басталғалы бері тағы 1 миллион адам мүгедектік бойынша, ал 700 000 адам еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы алып отыр." Пол Джонсон, қаржы зерттеулер институтының директоры
Ұлыбритания құрбандар саны бойынша әлемде алтыншы орында тұр – 200 000-нан астам адам ковидтен көз жұмған. Бірақ кейбір ғылыми деректерге сәйкес, қайтыс болғандардың саны шын мәнінде бұдан әлдеқайда көп.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:03, 18 шілде 2026
АҚШ Иранға жетінші түн қатарынан соққы жасап жатыр
-
21:15, 14 шілде 2026
Биньямин Нетаньяхуға халықаралық іздеу жарияланды
-
15:57, 13 шілде 2026
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
-
09:46, 13 шілде 2026
Аптап ыстық Францияны әбден әбігерге салды: ядролық реакторлар мен мерекелік шаралар тоқтатылды
-
09:24, 13 шілде 2026
Израиль әскері ХАМАС-тың қару-жарақ өндіретін нысанына соққы жасағанын мәлімдеді





