Үй жануарларынан адамға коронавирус жұға ма - дәрігер жауабы

09:52, 6 сәуір 2020
990

Ресейдегі Федеральды жұқпалы аурулар ауруханасының бас маманы Владимир Никифоровтың айтуынша, үй жануарларынан COVID-19 вирусын жұқтыру мүмкін емес, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мысық пен күшіктер коронавирус жұқтырып алып жатыр деген ақпараттар шыға бастады, мұны естіген мал дәрігерлері басын ұстап, абдырап қалды, ал кейбір шыдамсыздар үй жануарларының көзін жоюға көшті, - дейді сарапшы.

Никифоров мысықтардың COVID-19 вирусын жұқтыра алмайтындығын, олардың адамдарға берілмейтін "өзіндік коронавирустары" бар екенін түсіндірді.

Алдында Жабайы табиғатты қорғау қоғамы (WCS) бұған дейін Нью-Йорктегі хайуанаттар бағында жолбарыстың коронавирус жұқтырғаны туралы хабарлады. Жыртқышты аңға тамақ беретін хайуанттар бағының қызметкері жұқтырған болуы мүмкін деген болжам бар. Харбин ветеринарлық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жүргізген зерттеу мысықтардың COVID-19-ға сезімтал екенін көрсетті.

Бельгияның дағдарысқа қарсы штабының коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі штаб өкілі өткен айдың аяғында бұл елде инфекцияның иесінен мысыққа берілу оқиғасы тіркелгенін айтты.

Гонконгтағы мысықтан COVID-19-нің тағы бір жағдайы табылды, үй жануарларының иесі инфекция белгілерімен ауруханаға жатқызылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір