UFC экс-чемпионы көшеде біреуден таяқ жеп қалды

10:48, 29 тамыз 2019

UFC-дің бұрынғы чемпионы Би-Джей Пенн тағы да дауға қалды. 27 тамызда Гавай аралдарындағы түнгі клубтардың бірінде демалып жүрген Пенн біреумен жағаласып қалып, оның арты төбелеспен аяқталды, деп жазады "Чемпионат".

Оқиға клубтың ішінде болған, Пенн бір жігітті жерге құлатып, шынтағымен бірнеше соққы жасаған. Сосын олар сыртқа шығып, көшеде өзін еркіндеу сезінген қарсыласы Пеннің бетіне екі дәл соққы жасап, бұрынғы чемпионды нокаутқа түсірген екен.

Оқиға орнына келген полиция Пеннге қатысты ешқандай әрекет жасамады.

Осыдан екі ай бұрын Пенн стриптиз-клубта болған төбелеске қатысып, көзге түскен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!