УЕФА Ұлттар лигасының форматын өзгертіп, Қазақстанның мәртебесін көтерді

16:40, 25 қыркүйек 2019

A, B және C дивизиондары 16 командадан жаңа форматпен ойнайтын болды, D дивизионында 7 команда болады.

Ұлттар лигасы алғаш рет ойнатылғанда A және B лигаларында 12 командадан, C лигасында – 15, D лигасында – 16 команда болған еді. Турнир жеребесі 2020 жылы 3 наурызда Амстердамда, УЕФА конгресі кезінде тартылады.

Формат ауысқан соң Қазақстан командасының автоматты түрде мәртебесі көтеріліп, енді біздің құрама С дивизионында ойнайды, деп жазады sports.kz.

А лигасында Португалия, Голландия, Англия, Швейцария, Бельгия, Франция, Испания, Италия, Босния, Украина, Дания, Швеция, Хорватия, Польша, Германия, Исландия болады. Олар төрт командадан төрт топқа бөлінеді. Турнир аяғында ең нашар төрт команда В лигасына түсіп қалады.

В лигасына Ресей, Австрия, Уэльс, Чехия, Шотландия, Норвегия, Сербия, Финляндия, Словакия, Түркия, Ирландия, Солтүстік Ирландия, Болгария, Израиль, Венгрия, Румыния түсті. Олар да төрт топқа төрттен бөлінеді. Үздік төртеуі А лигасына ауысады, соңғы төртеуі С лигасына сырғиды.

С лигасында Грекия, Албания, Черногория, Грузия, Солтүстік Македония, Косово, Белоруссия, Кипр, Эстония, Словения, Литва, Люксембург, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Молдавия ойнайды. Мұнда да төрт комапнададан төрт топқа бөлінеміз. Үздік шыққан төреу В лигасына, шаң қапқан төртеуі D лигасына кетеді.

D лигасының құрамы мынау: Гибралтар, Фарер аралдары, Латвия, Лихтенштейн, Андорра, Мальта, Сан-Марино. Олар үш және төрт командадан екі топқа бөлінеді.

Былтырғы Ұлттар лигасын Португалия құрамасы жеңіп алды. Олар финалда 1:0 есебімен Голландияны ұтқан болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!