Тынық мұхитында бортында 4 мыңға жуық көлігі бар өртенген кеме қалқып жүр

17:35, 9 қаңтар 2019

Тынық мұхиты суларында бортында мыңдаған көлік тиелген Sincerity Ace жүк кемесі қалқып жүр. Бірнеше күн бұрын ол өртеніп, 21 теңізшіден құралған экипаж эвакуацияланған еді деп жазады Қазақпарат.

Associated Press-тің хабарлауынша, Sincerity Ace жүк кемесі экипажының 16 мүшесі құтқарылды. Төрт теңізші қаза тауып, тағы біреуі із-түссіз жоғалған. Бортына 5200 автомобильді сыйдыратын кемеде 3804 көлік болды.

Соның ішінде 3500-ы - Nissan маркалы.

«Қазіргі кезде бізде көліктердің жағдайы туралы ақпарат жоқ. Біз экипаж мүшелері мен құтқарушылардың қауіпсіздігі үшін алаңдап отырмыз», - деп жазады Nissan өкілдерінің сөздерін Automotive News.

Жоғалып кеткен теңізшіні іздеу жұмыстары жалғастырылуда. Кемедегі өрттің шығу себептері әзірге белгісіз.




Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!