Түркияда террорист - Қазақстан азаматы ұсталды

Сириядан Түркияға заңсыз өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлады zakon.kz.
Hurriyet басылымының мәліметінше, Түркияның қауіпсіздік күштері Сирия шекарасына жақын орналасқан Килис провинциясында Қазақстан азаматын қамауға алды. Ақпаратқа сәйкес, ол – "қызыл" деңгейде іздеуде болған ДАИШ (Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым) мүшесі.
Түркия іздеуде жүрген адамдарды бес санатқа бөледі. Ал ұсталған қазақстандық ең жоғары деңгейде іздеуде болған.
С.А. есімді Қазақстан азаматы Сирия-Түркия шекарасын кесіп өтіп, Түркияға заңсыз кірмек болған.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл туралы тек ҰҚК ақпарат беретінін айтты. Комитет оқиғаның мән-жайын анықтап, хабарлауға уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:45, 14 сәуір 2021
Нигерияда 20 оқушы тірідей өртеніп кетті
-
09:45, 14 сәуір 2021
NASA Қазақстанға алғыс білдірді
-
16:47, 13 сәуір 2021
Қытай өз вакцинасының тиімсіз екенін мойындады
-
16:09, 13 сәуір 2021
Биткоинның құны 62,7 мың доллар болып алды
-
10:27, 13 сәуір 2021
Ресей Түркиямен арадағы әуе рейстеріне шектеу қойды
Пікір