Түркия Сирияға шабуылдап, Анкараға АҚШ санкция салатынын жариялады
АҚШ Конгресі Сенатының мүшелері Сирияға әскери шабуыл жасағаны үшін Түркия билігі мен бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктерге қарсы санкция енгізу туралы ұсыныс жасады. Американлық екі партия қол қойылған тиісті құжат жобасын республикашыл Линдсей Грэм жариялады, деп хабарлайды Life.
Санкцияның ішіне, атап айтқанда, Түркиямен әскери ынтымақтастыққа тыйым салу, жоғары лауазымды тұлғаларға визалық шектеулер енгізу, сондай-ақ елдің активтері мен энергетика саласына да санкция енгізу қарастырылған.
Санкцияның тағы бірі түрік армиясын отынмен, газбен қамсыздандыратын кез келген шетел азаматтарына қатысты болады.
Сондай-ақ, түрік тарапының Ресейдің S-400 зениттік зымыран жүйелерін сатып алуы Американың санкция түріндегі қарсыластарға қарсы тұру туралы заңын бұзу деп тану ұсынылады. Осыған байланысты бұл санкция Түркияны да қамтып кетеді.
9 қазан, сәрсенбіде Түркия Сириядағы соғыс қимылдарының басталғанын жариялады, әскери күштер "Бейбітшіліктің қайнар көзі" операциясы бойынша шекарада іс-қимылға көшті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады