Түркіменстан жемқорлардың үйлерін тәркілеп, балабақшаға айналдыруда
Түркіменстанда бұрынғы ішкі істер министрі мен президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы сотталды. Исгендер Муликов пен Мейлис Нобатов ісі ірі көлемде пара алғаны үшін ұсталып, сотталған, деп хабарлайды CA-NEWS (TM).
Ірі шенді жемқорлардың аса жайлы зәулім үйлері, қымбат көліктері, бағалы заттары мен бума-бума қолма-қол ақшасы табылды.
Тәркіленген байлықтың жалпы сомасы айтылмайды, бірақ президент Бердымухамедов "аталған тұлғалардың ұрлаған байлығы халықтың ақшасы болатын" деп, ІІМ қазіргі басшысына ол ақшаны банктегі арнайы шоттарға аударып, оған мектеп, аурухана, демалыс үйі, балабақша немесе халыққа баспана салуды тапсырды.
Мемлекет басшысы тәркіленген жайлы үйлер балабақшаға айналдырылсын немесе ІІМ, прокуратура, хәкімлік және өзге де органдардың пайдаланылуына берілсін деген бұйрық берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады