Түрікменстанның элитасы қазақтың «Абай» операсын тыңдады

13:09, 9 маусым 2020

Түрікменстанның мемлекеттік симфониялық оркестрі "Абай" операсынан шығармалар орындады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлы қазақ ақыны, композиторы мен ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Ашғабат қаласында Мақтұмқұлы атындағы Ұлттық музыкалық-драма театрының сахнасында Түрікменстан Мемлекеттік симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі Расул Клычевтың басқаруымен Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидинің "Абай" операсынан шығармалар орындады.

Оркестрдің сүйемелдеуімен атақты түрікмен теноры Нұры Нұрыев "Абай" операсынан "Айттым сәлем, Қаламқас" Айдар ариясын, ал опера әншісі, сопрано Лейли Окдирова "Қарлығаш" әнін шырқады.
Өзінің құттықтау сөзінде бас дирижер Р.Клычев ортақ тарихи-мәдени тамырлар қазақ және түрікмен халықтарын біріктіретінін және қазақ мәдениетін жаңа биіктерге көтерген ұлы Абайға құрмет көрсету өте қуанышты екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Қазақстанның Түрікменстандағы Елшісі Еркебулан Сапиев вокалшыларға, Түрікменстанның Мемлекеттік симфониялық оркестрі мен Мәдениет министрлігіне мәдени іс-шараны ұйымдастырғаны және қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасының мәңгілік құндылықтарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!