Ту-154 ұшағының бортында теракт болмаған

20:34, 12 қаңтар 2017

Тергеушілер Қара теңізге құлаған Ту-154 ұшағының бортында теракт болды не ұшаққа әскери зымыран тиді деген болжамды теріске шығарды.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің Жарылғыш құрылғылар бойынша сарапшылары ұшақ сынықтары, жолаушылардың жеке заттары мен жүктері, орындықтар және ішкі бөлшектерінде жарылғыш заттың белгілері бар-жоғын тексеріп, ұшақ конструкциясының қалай қирағанын зерттеген.

Мамандар: «Ұшақта теракт болмаған», – деді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!