Трамптан кейін Балсонару да ДДСҰ-дан шығатынын мәлімдеді

09:41, 6 маусым 2020

Бразилия президенті Джейр Болсонару Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) қатарынан елін шығарғалы жатыр, деп хабарлайды zakon.kz Korrespondent-ке сілтеме жасап.

Мен турасын айтайын, әне АҚШ ДДСҰ-дан кетті, дұрыс істеді, біз де болашақта бұл мүмкіндікті қарастырып жатырмыз. ДДСҰ идеологияға жұмыс істеуін доғарады немесе біз одан шығамыз. Бізге денсаулық сақтау саласында не істеу керектігімізді сырттан бұйырып, нұсқаулық жүргізетін адамдар қажет емес, - деді президент.

Бразилия елінің басшысы бұл мәлімдемені ДДСҰ өкілі Маргарет Харристің сөзіне берген жауаубы еді. Ал ол қазіргі кезде - пандемия жағдайында карантиндік шектеулерді бірден алып тастау мүмкін еместігін ескерткен.

Латын Америкасындағы індеттің өршуі өте қатты алаңдаушылық туғызады, - деді Харрис.

Болсонару COVID-19 қарапайым тұмау вирусынан аса қауіпті емес деп санайды және елде карантиндік шаралардың енгізілуіне қарсы. Негізінен, Болсанаруды АҚШ президентіне түрі мен көзқарастарының ұқсастықтары үшін баспасөзде жиі "тропикалық Трамп" деп те атайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!