Трамп Украинадағы соғысты тоқтату үшін Ресеймен келісім жасағысы келіп отыр
© Сурет: pixabay
АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Сирия туралы айтып, Украинадағы соғысты тоқтату үшін Ресеймен келісім жасасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұл жазбаны Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады.
"Ресей мен Иран қазір әлсіреді: бірі Украина мен экономикасының құлдырауынан, екіншісі Израиль мен оның табысты жауынгерлік әрекеттерінен. Сол сияқты Зеленский мен Украина да мәмілеге келіп, бұл ақылға сыймайтын әрекетті тоқтатқысы келеді", - деп жазды Трамп.
Ол тез арада атысты тоқтатып, келіссөздерді бастау қажеттігін айтты.
Еске салайық, 2024 жылы 7 желтоқсанда Парижде Франция, АҚШ және Украина басшыларының кездесуі өтті. Бұл - сапар Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісінен кейінгі алғашқы шетелдік сапары, сондай-ақ оның Америка Құрама Штаттарының жаңа сайланған президенті ретінде Зеленскиймен алғашқы кездесуі болды. Көшбасшылар Францияға өрттен кейін қалпына келтіру жұмыстары аяқталған Нотр-Дам шіркеуінің ашылу салтанатына қатысты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:13, 29 сәуір 2026
Бурятиядағы шахтада болған қайғылы оқиға: қаза тапқандар арасында қазақстандық бар
-
17:44, 28 сәуір 2026
Францияда ұрланған 300 млн теңгеге жуық қазына Мәскеуден табылды
-
18:39, 27 сәуір 2026
Күнде екі қуатты магниттік жарқыл тіркеліп, оның әсері Жерге жетті
-
12:59, 27 сәуір 2026
Қырғызстанда оқу жылының басталуы 15 қыркүйекке шегерілді
-
11:23, 26 сәуір 2026
Вашингтондағы атыс: Трамп мәлімдеме жасады





