Трамп қытайлық импортқа баж салығын 125%-ға дейін көтерді, сондай-ақ өзге елдерге 90 күндік үзіліс жариялады

09:27, 10 сәуір 2025

© Фото: flickr/Gage Skidmore

АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылдың 9 сәуірінде қытайлық импортқа баж салығы 125%-ға дейін күрт өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісіндегі Трамптың мәлімдемесінен белгілі болды.

 

"Қытайдың әлемдік нарықтарға деген құрметсіздігіне байланысты олардың АҚШ-қа жеткізетін тауарлары үшін баж салығын 125%-ға дейін көтеремін деп шештім",- делінген мәлімдемеде.

Бұдан өзге, АҚШ президенті 75-тен астам ел Сауда министрлігі, Қаржы министрлігі және АҚШ Сауда өкілі кеңсесі (USTR) сияқты американдық билік өкілдерімен сауда және валюталық манипуляция мәселелері бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Трамп 90 күндік мораторий енгізілгенін және аталған кезеңге өзара тарифтердің 10%-ға дейін төмендегенін жариялады.

Бұған дейін Трамптың жаһандық сауда соғысы Ресей экономикасына да кері әсерін тигізуде екенін жазған болатынбыз. Бүгінде елдің қор биржасы құлдырап, ұлттық компаниялардың акциялары арзандады.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!