Трамп Қытайға сапарының мерзімін нақтылады
© Сурет: Mark Shiefelbein
Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайға сапарының күнін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левиттің айтуынша, Трамптың Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі 14–15 мамыр күндері Бейжіңде өтеді. Ол бұл туралы 25 наурызда журналистермен кездесу барысында мәлімдеді.
"Бірінші ханым Мелания Трамп мен президент Дональд Трамп сондай-ақ Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Пэн ханымды жауап сапары аясында Вашингтонда қабылдайды. Бұл сапардың нақты мерзімі биыл жарияланады", – деп қосты Ақ үйдің баспасөз хатшысы.
Айта кетейік, Трамп Қытайға наурыз айының соңында баруы тиіс болған, алайда кездесу кейінге шегерілді. Левиттің сөзінше, оған елде қалып, Иранға қатысты жағдайға назар аудару маңызды болған.
"Төраға Си Цзиньпин жағдайды түсіністікпен қабылдады", – деп түйіндеді ол.
Осы ретте Иран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеу жөніндегі ұсынысын қабылдамай, оны аяқтауға қатысты өз шарттарын ұсынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:09, 26 наурыз 2026
Ирандағы соғыс салдарынан әлемде бензин бағасы қымбаттап жатыр
-
13:49, 26 наурыз 2026
Таиландқа турлар қымбаттайды
-
13:07, 26 наурыз 2026
ҰҚШҰ Ирандағы жағдайға байланысты маңызды мәлімдеме жасады
-
10:37, 24 наурыз 2026
Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 60-тан астам адам қаза тапты
-
14:21, 23 наурыз 2026
Иран ядролық нысан орналасқан қаладан эвакуация туралы ақпаратқа түсінік берді





