Трамп Греландияға иелік етуде АҚШ күш қолданбайтынын мәлімдеді
© Фото: zakon.kz
АҚШ президенті Дональд Трамптың Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Гренландия мәселесіне көбірек тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дональд Трамп еуропалық одақтастарын АҚШ-тың Гренландияны иелену бойынша шұғыл келіссөздер жүргізуге шақырды, деп жазады CNN.
"Тек Америка Құрама Штаттары бұл орасан зор жерді мұздың үлкен сеңдерінен қорғап, оны игере алады және оны жақсартып, Еуропа, Еуропа қауіпсіздігі және біз үшін пайдалы ете алады", – деді Трамп.
Ол АҚШ-тың Гренландияны өз бақылауына алуы НАТО альянсын нығайтатынын нақтылайды.
"Сонда ол НАТО-ға қауіп төндірмес еді. Бұл бүкіл НАТО альянсының қауіпсіздігін едәуір нығайтады", – деп атап өтті Трамп.
Дональд Трамп Гренландияны иелену үшін күш қолданбайтынын мәлімдеді.
"Егер мен шамадан тыс күш қолдану жайын шешпесем, біз ештеңеге қол жеткізе алмайтын шығармыз, шынымды айтсам, бізді ешкім тоқтата алмайды. Бірақ мен бұлай жасамаймын. Жарайды. Енді бәрі: "О, тамаша" дейтін болар. Өйткен қазір мен ең маңызды мәлімдеме жасаудамын, өйткені адамдар мені күш қолданады деп ойлайды. Бірақ маған күш қолданудың қажеті жоқ. Менің күш қолданғым келмейді. Күш қолданбаймын. Америка Құрама Штаттарының бар сұрап отырған нәрсесі – Гренландия деп аталатын жер", – деді ол.
Кейін Трамп Гренландияны кеңейтілген келісім шеңберінде емес, АҚШ-тың толық меншігінде қарастыратынын тағы да мәлімдеді.
АҚШ президенті Данияға да сын айтып, оған Гренландиядан бас тартпағаны үшін дүрсе қоя берді. Тіпті, Данияны қасиетсіз деп атады, сөйтіп олардың екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қорғап қалғаны үшін АҚШ алдында қарыздар екенін де еске салды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:39, 22 ақпан 2026
АҚШ елшісінің Израиль туралы айтқаны халықаралық резонанс тудырды
-
11:50, 22 ақпан 2026
Трамп Роналдудың Америкаға келгенін күтіп отырғанын мәлімдеді
-
10:57, 22 ақпан 2026
Трамп барлық елден келетін импорт тауарларға салынатын баж салығын 15%-ға дейін өсірді
-
10:52, 21 ақпан 2026
АҚШ Жоғарғы соты Трамптың ауқымды баж салығын заңсыз деп таныды
-
15:34, 19 ақпан 2026
Ауғанстанда «күнә құралы» деп танылған 500-ден астам музыкалық аспап өртелді





