16 жасар жасөспірім өз отбасын қырып салғанын мойындады
© Фото: pexels
14 желтоқсан күні таңертең АҚШ-та Нью-Мексиколық 16 жасар жасөспірім тұтқындалды. Ол ата-анасын, бауыры мен әпкесін атып өлтірген, артынша мас күйінде 911-ге қоңырау шалып, төрт адамды өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Штаттың құқық қорғау органдары жасөспірімнің "қатты мас күйде" болғанын мәлімдеді.
Полицейлердің айтуынша, үйдегі ас үй үстелінен мылтық табылды, сол маңайда қайтыс болған отбасы мүшелерінің де мүрдесі жатты. Күдіктінің қолынан қаза тапқандар:
- Әкесі — 42 жастағы Леонардо Лейва;
- анасы — 35 жастағы Адриана Бенкомо;
- әпкесі — 16 жастағы Адриана Лейва;
- бауыры — 14 жастағы Александр Лейва.
"Болжамды өлтіруші есін жию үшін жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, содан кейін Альбукеркедегі кәмелетке толмағандарға арналған түрмеге қамалды", – деп хабарлады билік.
Штат полициясы жасөспірімнің бұл әрекетке неліктен барғанын анықтауда.
Бұған дейін АҚШ-тағы ЖОО-лар демалысқа кеткен шетелдік студенттерді кері шақырып жатқандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 16 желтоқсан 2024
«Тез қайтыңдар!». АҚШ-тағы ЖОО-лар демалысқа кеткен шетелдік студенттерді кері шақырып жатыр
-
21:47, 16 желтоқсан 2024
Германия парламенті канцлер Олаф Шольцқа сенімсіздік вотумын жариялады
-
20:27, 16 желтоқсан 2024
«Мен қашқан жоқпын». Башар Асад елінен кеткеннен кейін алғаш рет мәлімдеме жасады
-
18:55, 16 желтоқсан 2024
Қырғызстан үкіметінің уақытша басшысы тағайындалды
-
17:19, 16 желтоқсан 2024
Еуропалық одақ Ресейге қарсы кезекті санкциялар пакетін қабылдады