Тәуелсіздік алу жөніндегі референдумды қолдаған каталондықтар шеруге шықты

12:33, 18 қыркүйек 2017

«Біз дауыс береміз!»

Осындай ұранмен мыңдаған адам Каталонияның Испаниядан тәуелсіздік алу жөніндегі референдумды қолдап Барселона көшелеріне шеруге шықты. Шара Мадрид қаласында да өтті. Кейін Испания  полициясы  тінту жүргізіп, 1 млн 300 мың үгіт-насихат парақшасын тәркіледі. 

Еске салсақ, Каталонияның президенті Карлес Пучдемон Испания билігінің қарсылығына қарамастан «референдум 1 қазанда өтеді» деп  хабарлаған еді. Испанияның Конституциясы бойынша, мұндай референдумдар өткізуге тыйым салынған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!