Тележүргізуші аз өмірі қалғанын айтып көрермендерімен қоштасты

11:32, 5 қыркүйек 2018

Тележүргізуші қатерлі ісікке шалдыққанын айтып, көрерменмен қоштасты. Оған дәрігерлер үміт жоқ екенін айтқан, деп жазады Stan.kz.

Рэйчел Блэнд есімді шетелдік тележүргізуші екі жыл бұрын қатерлі дертке шалдықты. Оған сүт безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылды. Екі жылдан бері емделіп, көп уақытын күйеуі мен ұлына арнады. Алайда дәрігерлер оған үміттің үзілгенін хабарлаған. Тележүргізуші көрерменіне басындағы жайтты баяндады.

“Осымен бәрі бітті. Менің уақытым да аз қалды”, – дейді Рэйчел Блэнд.

Рэйчел Блэндге бірнеше рет химиялық терапия жасалған. Алайда онымен күресуге тележүргізушінің дәрмені жетпеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!